Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ақбөпе Қанатқызының ұйымдастыруымен діни сауат ашу курсының бір топ әйел шәкірттері Елордамыздағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» емделіп жатқан науқас балаларға қуаныш сыйлап қайтты. Аталмыш АҚ Ұлттық медицина холдингінің онкология және неврология бөлімінде ем қабылдап жатқан ерте жастағы мүгедек балаларға арнайы әзірленген сый-сияпаттар табысталды.
Онкология бөлімінде қан рагымен ауыратын балалар емделеді. Медицина тілімен айтсақ, бұл дерт гематоонкология деп аталады. Мұнда тіпті дүние есігін енді ғана ашқан сәбилерден бастап, 18 жасқа дейінгі жасөспірім балалар да ем қабылдап, айықпас дертпен күреседі. Дәрігерлердің айтуынша, онкология бөліміне еліміздің түкпір-түкпірінен жылына 50-ден аса науқастар келіп емделеді. Олардың 80 пайызына жуығы – нашар отбасыдан шыққандар. Ең азы 6 айдан бастап 2 жылға дейінгі аралықта рак ауыруы бойынша ем қабылдайды. Дәрігерлер химиялық терапия әдістері мен түрлі оталар жасау арқылы науқастың дертінен айығуына бар шараларын жасайды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.11.2015
2995
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру