Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам мешіттердің тазалығын тексерді

11.11.2015 3570 0 пікір

ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек Есмағанбет Алматы қаласының бірнеше мешітінің тазалығы мен тәртібін аралап тексерді.

Атап айтқанда қаланың Әуезов, Бостандық, Алмалы және Медеу аудандарының бірқатар мешітінде тексеру жүріп өтті. Сонымен қатар азан дауысының шу деңгейі, мешіт құжаттарының кемшіліктері, ауладағы сауда нүктелері жайлы сын айтылып, ескертулер берілді. Бас имам: «Біз қалалық мешіт болғандықтан, Алматы қаласының мешіті деген атқа лайықты деңгейде жоғары сапалы қызмет беруіміз керек»,- дей келе, мешіт қызметінің әр саласына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Жыл бойы жүргізіліп келе жатқан осындай тексеру шаралары алдағы уақытта да қаланың өзге мешіттерінде жалғасын таппақ. 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру