Қазақ тілінің мәртебесі тек ұлтымыздың мүддесі ғана емес, мемлекетіміздің мерейі, ұлан ғайыр даланы кейінгі ұрпаққа аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың сусындап, рухани қазынасын қалыптастырып кеткен ана тіліміздің абыройы. Сондықтан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары жыл сайын Қазақ тілі пәні бойынша студенттер арасында сайыс өткізеді. Биылғы оқу жылы осы дәстүрді аталмыш кафераның оқытушылары ф.ғ.к. Нұрзия Мағазқызы мен магистр Гүлбану Суамбекова 1 курс қыздары арасында «Ана тілі – жүректің үні» атты тақырыппен ұйымдастырды.
«Қазақ қыздары», «Ханшайымдар», «Қызғалдақ», «Фирдаус», «Іңкәр» деп аталатын 5 топқа бөлінген арулардың ана тіліне деген құрметі, тіл біліміне деген құштарлығы анық аңғарылып тұрды. «Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын алғашқы таныстыру кезеңінде-ақ қыздардың шалымдылығы аңғарылғандай. Ал «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталған мақал-мәтел сайысы шәкірттердің сөздік қорын әр тақырыпта бірі білсе, бірі білмейтін тіл байлығымен толықтыруға мүмкіндік болғандай.
Өнер сайысы, ас әзірлеу шеберлігі, халқымыздың салт-дәстүрін жетік білу мәселесі, ақын-жазушылардың тіл тақырыбына қатысты жыр жолдарын жатқа айту шеберлігі, тіл ережелеріне қатысты біліктіліктері жан-жақты сараланды.
«Қазақ тілінің қазіргі таңдағы қолдану аясы» тақырыбында сахналық қойылым қойылып, сайыстың ұйымдастыру деңгейін асқақтата түскендей.
Дегенмен, қанша мықты болса да топтық жарыстағы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған қыздар тобының да жеңімпаздарын анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады. Сонымен бәйге нәтижесі бойынша:
I-орын «Қазақ қыздар» тобы,
II- орын «Фирдаус» тобы,
III-орын «Қызғалдақ» тобы.
«Ел болу – бақытың, ерме болу – сорың», - деп, ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай өзге тілге ермей, өз тілімізді қадір тұтқаннан асқан мәртебе болмас.
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.11.2015
4175
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру