Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті кітап тарату әлі жалғасуда

10.11.2015 4077 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен республикамызға  Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан қасиетті Құран Кәрім кітабы әкелінген болатын.  

Біздің облысымызға да 1460 данасы келіп жетті. 1000 данасын өткен аптада имамдарға таратылған болса, осы аптаның сәрсенбісі, яғни қараша айының 4 күні мешітіміздегі Айша мен Бибінұр ұстаздарымыздан дәріс алып жүрген әйел жамағаттары, сауат ашу курсының білім алушылары мен ақсақалдар қауымына дастархан жайылып, Құран таратылды. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы: "Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис-шәріпінде: "Кімде-кім мына дүниеде Құранды көп жаттаса, оның дәрежесі де жоғары болады" деген болатын. Сол себептен осы қасиетті кітапты көп оқыңыздар", - деп тілегін білдірді өкіл имам.

Әттақуа мешіті. Алла Тағала тарапынан адамзат баласына 4 кітап түсірілді.  Соның ішіндегі ең ақиқаты, ең турасы - Құран Кәрім. Күллі мұсылмандар үшін Құран Кәрімнен артық сыйлық та құнды кітап та жоқ. Құранның іші ілімге де, адам баласы үшін шипаға да толы."Әттақуа" мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов те мешіт жамағаттарына Құран таратып, ақыреттік ілімдерін арттырып, үлкен сауапқа кенелуді тіледі.

Мәулімберген мешіті.Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов,өкілдік тарапынан таратылған құнды сыйлықты жамағаттарға үлестіріп берді. Алла Тағала осы игілікті іске мұрындық  болған барша бауырларымызға разы болып, екі дүниенің бақытын сыйлағай.

Махамбет ауданы. Облысымызға келген Құран Кәрімді ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы облысқа қарайтын барлық ауданның имамдарына  халыққа тегін таратылуын тапсырған болатын.Сол игі бастама Біздің ауданымыз Махамбетте де жалғасын тауып "Исатай-Махамбет" мешітінің жамағатына тегістей таратылды.

Жылыой ауданы. Жылыой ауданының Бас имамы А.Исаев  мешіт жамағатын жинап, Құран Кәрімнің қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтты. Жамағатқа қасиетті Құранды ұсына отырып, жүректердің Құран нұрымен нұрлануын тіледі. Жамағат осындай үлкен сыйға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

Исатай ауданы. 3-ші қараша күні Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінде берілген  Құран кітапты ауданның бас имамы Қ.Бақтығұлов жамағатқа Бас мүфти  хазреттің бастамасымен атқарылып жатқан іс-шара екінін жеткізіп, қасиетті Құранды таратып берді. Жамағаттар өз ризашылықтарын білдірді. Алла Тағала барлық ісімізді сауапқа жазғай!

Индер ауданы. Индер ауданы «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев жергілікті жамағатқа қасиетті Құран Кәрімді таратты. Имам өз сөзінде: «Құран – түзу жол нұсқаушы. Құран оқыған адамға әрбір әрпіне сауап жазылады. Бұл қасиетті кітапты қадір тұтып, оны оқыған жан пәле-жала мен жаманшылықтан аулақ жүреді»,- деді. «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев жастарға жасап жатқан игі ісін айтып, имандылық жолдарына сәттілік тіледі.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру