Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

07.11.2015 4030 0 пікір
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қызметтік тағайындаулар орын алды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұылының бұйрығымен Мұқанов Асқар Әбітайұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды. Әлемге әйгілі «Әл-Азһар» университетінің түлегі Асқар Әбітайұлын бүгін қасиетті жұма намазы алдында «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай Қажы Сатыбалдыұлы жұртшылыққа танысытырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

1984-жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген Асқар Әбітайұлы мектеп бітірісімен тоғыз жылға уақытын Мысыр елінде діни білім алуға жұмсаған. 2004-жылдың қарашасында Бейбарыс бабамыз билік еткен мемлекетке аттанып, 2005-2006 жылдары «Әл-Азһар» университетінің дайындық курсын, 2006-2008 жылдары колледжін (ас-санауия), 2008-2013 жылдары «Шариғат заңдары» факультетін тәмамдаған.

Елге келісімен Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің наиб имамы болып дін қызметіне кіріседі. Былтырғы жылдан бастап «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университетінде қосымша ұстаздық қызмет атқарып келген. Бүған қоса, аталмыш оқу ордасының 2-курс магистранты. 2013-жылдан бастап ҚМДБ-ның жанына жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру