Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам дінін қабылдады

06.11.2015 3518 0 пікір

Мешітке келген 18 жасар Аида өзінің Ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізді.  Анасы  орыс ұлтының өкілі болғандықтан Аиданы 5 жасында шіркеуге апарып шоқындырған екен.  

«Христиан дінінің талабына сай, 18 жасқа толған адам өз еркі қалаған дінді қабылдауға құқылы. Сондықтан анамнан рұқсат алып, Ислам дінін қабылдайтынымды  айттым»,- деді ол.  Ислам қабылдаймын деп келген Аидаға облыстық мешіт ұстазы Құрметхан Байғара кәлима айтқызып, Ислам шарттарын түсіндірді.      

Жанұясында 5 баланың үлкені Аида Ислам туралы оқып ізденіп, сонан соң мұсылман болуға өзі шешім қабылдағанын айтты.  Құрметхан ұстаз оған жат ағымдардан сақтануда Әбу Ханифа мазхабын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, Исламдағы бес парыздың мән-маңызы жайлы насихат айтты.  

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі   

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру