Қазан айының екінші жартысында Хромтау аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихаттау тобы «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын» насихаттау мақсатында Хромтау қаласының білім ошақтарында бірқатар кездесулер өткізді.
Аудандық АНТ өз жұмысын Хромтау қаласындағы №3 орта мектептен бастады. Жоғарғы сынып оқушыларымен өткен кездесуді аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмат Әли бастап, тұғырнаманың маңыздылығына тоқталды:
«Бұл тұғырнама жастарымыздың жат көзқарастағы діни ағымдардың жетегінде кетпеуіне себепкер болады. Өйткені, аталмыш тұғырнама ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі діни көзқараста қалыптастырылған,» – деп атап өтті. Одан әрі ауданның бас имамы оқушыларды ата-ананы сыйлауға, ұстаздарды құрметтеуге шақырды.
Өз кезегінде сөз алған аудандық АНТ мүшесі, «Хромтау» аудандық қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Қуандық Реймов тұғырнаманың мазмұны турасында оқушыларға түсіндіріп берді.
Келесі кездесу Хромтау қаласындағы №5 гимназияда 9-10 сыныптардың оқушыларымен өткізілді. Басқосуды мектеп директоры Серік Ізтілеуов ашып беріп, жиынның мақсатына тоқталды. Мектеп басшысынан соң сөз тізгінін Алмат Әли алып, мұнда да «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» жайында әңгіме өрбітті. АНТ мүшесі Қ.Реймов та тұғырнаманың дәстүрлі ислам төңірегінде еліміздегі ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтау жолында құрылғандығын айтып өтті.
Аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы Дөң орта мектебінен жалғасын тапты. Алғашқы сөзді алған мектеп директоры Алтынай Жекеева кездесудің маңыздылығын айтып, оқушыларға АНТ мүшелерін таныстырып өтті. Онан соң сөз тізгінін алған аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмат Әли жиналғандарға «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» туралы айтып берді. Сондай-ақ, теріс ниетті ағымдардың қоғамға тигізетін зиянына да тоқталып, олардан сақтануға шақырды және оқушыларға әлеуметтік желілердің де теріс әсерін түсіндіріп, бүгінде қоғам арасында орын алып жатқан бірқатар оқиғаларды баяндап берді.
Келесі кезекте сөз алған АНТ мүшесі Қуандық Реймов тұғырнаманың ұрпақ тәрбиесі мен қоғам өміріндегі алар орнының ерекше екендігіне және жат діни ағымдардың алдын алудағы басты құжат екендігіне тоқталды. Сонымен бірге, Дөң жастарын готтар мен эмолар деп аталатын топтардан да сақтануға шақырып, бүгінде ол топтарға жататындардың Дөң ауылынан көрініс тауып жатқанын ескертті.
Кездесулер соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған АНТ мүшелері тарапынан нақты жауаптар берілді.
Хромтау аудандық «Нұр»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2015
3132
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру