5-қараша күні қаламызда тағы бір «халал» дәмхананың тұсауы кесілді.
Аталған «халал» дәмханаға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков арнайы барып, дәмхана иесіне сертификат табыс етті. Сондай-ақ, адал аспен қамтамасыз ететін қызмет көрсету орындары жұмысының алға жылжып жатқанына қуанышын жеткізіп:
«Өңірімізде осындай «халал» тамақтанатын орындардың көптеп ашылып, барынша жұртымыздың Жаратушымыз бұйырғандай адал аспен тамақтануы үшін күш жұмсап, ерекше еңбек етіп жатқан бауырларымызға Алла Тағала істеріне береке беріп, еселеп сауаптан жазуын тілеймін!» - деп өзінің жылы лебізін білдіріп өтті.
Сонымен қатар, дәмхана иесі атынан 400 адамға ас беріліп, 100 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Негізінен бұл дәмхана бір мезетте 100 адамдық шағын тойлар мен қуаныштарды атап өтуге қызмет көрсете алады.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2015
3428
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру