
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетіне мүше мемлекеттердің сарапшыларын қабылдады.
Екіжақты кездесуде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі жағдайы мен реставрация жұмыстарын жүргізу мәселелері және кесенені қорғау, Түркістандағы ескерткіштерді қорғау жайы сөз болды.
Қос тарап «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының маңында құрылыс жүргізу ісінде тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған регламентті сақтау жөнінде пікір алысты.
Халықаралық сарапшылар Түркістан қаласындағы тарихи кешенде зерттеу жұмыстарын 13 қарашаға дейін жүргізетін болады.
Естеріңізге салсақ, 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2015
5658
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру