Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының шақыруымен Алматы қаласында өткен «Келісім мен жасампаздық – Орталық азиядағы исламның дәстүрлі негізі» атты форумның қонақтары Қырғызстанның Бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамушов және Тәжікстанның Бас мүфтиі Саидмукаррам Абдулкодирзода Алматы орталық мешітінде жұма намазын оқып, жамағатпен жүздесті. Бас мүфти бастаған шетелдік қонақтарды Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы қарсы алып, мешіт тынысымен таныстырды. Жүздесу барысында олар форумнан алған әсері мен түйген ойларын жамағатқа жеткізіп, теріс ағым жетегінде кету қасіретінің қауіптілігі жайлы сөз өрбітті.
Сондай ақ ҚМДБ–ның өңірлердегі өкіл имамдары мен Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері форум бағдарламaсының аясында қаланың ең ірі мешіттерінде халықпен жүздесіп, жұма уағызын айтты.
Айта кетейік, 30 қазан күні оңтүстік Астанамызда өткен халықаралық форумда Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның дін ғалымдары мұсылман үмметін, жалпы халықты ортақ мәзһабымыздың мәртебесін көтеріп, қоғамда тыныштық орнату, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттау, асыл дінімізді келесі ұрпаққа дұрыс жеткізу, ортақ мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғырту, дамыту мәселелерін талқылаған болатын.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.11.2015
3533
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру