Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам шәкірттермен кездесті

04.11.2015 3239 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында жастарға дінге қызмет ету, туған жерге еңбек сіңіру турасында және білім алу бағытында уағыз-насихаттар айтты. Кездесу барысында өкіл имам шәкірттермен ашық пікір алмасып, діни ахуал, елдегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, дін қызметкерлеріне қойылатын басты талаптар бағытында сұхбат жүргізді.

Өз кезегінде шәкірттерді Сыр өңіріндегі асыл дініміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Сонымен қатар өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы шәкірттерге арнап дастархан жайып, тұщымды ойларымен бөлісті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру