Алматы орталық мешіті, Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен Қазан айының 31-ші жұлдызында «Қарты бар үй қазына» атты қарттар үйіндегі қырыққа жуық ардақты аналарымыз бен ақ сақалды аталарымызға арналған қайырымдылық кеші өтті.
Іс –шараға Алматы орталық мешіті, жастар ісі бөлімінің қыздар құрамы белсенді түрде қатысып, ерекше ұйымдастырушылық қасиеттерімен көзге түсті. Кеш Алла Тағаланың кәләмі Құран Кәріммен ашылып, әрі қарай Алматы қаласы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің қарттарға деген ыстық лебізімен жалғасты. Сонымен қатар қадірлі қонағы әрі ұйымдастыруға ат салысушы ретінде «Жас-Отан» жастар қанатының Алматыдағы төрағасы Арман Қалбеков мырза сөз алды. Кешке елімізге танымал әншілер мен бишілер шақырылып, әдемі әндері мен билеріне қоса қоңыр сазды қобызбен кештің көркін аша түсті.
Кештің соңында әсерлі уағыз айтылып, қарттар үйіндегі ата-әжелеріміздің ыстық лебізді баталарымен аяқталды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.11.2015
4273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру