Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қаржы департаменті «Мұсылман Тұғырнамасымен» танысты

03.11.2015 3160 0 пікір

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуде талқыланған негізгі мәселенің бірі - қоғамымыздағы күрмеулі мәселеге айналған парақорлық және адам баласының тұлғалық, рухани болмысына тигізер  оның әсері мен зардабы туралы болды.

Сондай-ақ, облыстық ҚАЖ департаментінің кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны С.Нұртазин және ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысынң орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Қайыржан Ахметбекұлы жемқорлықпен күресу шаралары туралы баяндап өтті.

Қозғалған мәселе аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы «Жемқорлық пен пара: доңыздың етіне тойғанмен бірдей» тақырыбында баяндама жасап, дінімізде пара алуға қатысты қатаң тиымдар мен ескертулерді атап көрсетіп: «Мұсылман тек жайнамаз үстінде ғана мұсылман емес. Оның мұсылманшылығы барлық қоғамда және әлеуметтік қарым-қатынасында сезілуі және көрініс табуы тиіс. Ал, мұсылманшылық адал да әділ қарым-қатынасқа негізделеді. Кісі ақысын жеу, күнә. Ол туралы пайғамбарымыздың (с.а.с) пара берушіні және пара алушыны қарғыс еткен», -  деп түсіндіріп өтті.

Кездесу соңында «Мұсылман Тұғырнамасы» таныстырылып,   барша департамент қызметкерлеріне  тұғырнама таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру