Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында кездесу өтті

03.11.2015 3249 0 пікір

Шымкент қаласында орналасқан «Аймақтық әлеуметтік - инновациялық» университеті мен «Парасат» коллежінде «Мұсылманның тұлғалық бейнесі»  тақырыбында  студент жастармен  кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қалалық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің имамы – облыстық жастар ісі бөлімінің жетекшісі Б.Абдурахманов қатасып, студент жастармен  емен-жарқын әңгіме етті.

«Қазіргі кезең – жақсы мен жаманның, күшті мен әлсіздің өзара түйіскен кезеңі деуге болады. Жаһандану дәуірі кезіндегі әрбір ісіміздің жауапкершілігінің жоғары болары сөзсіз. Осындай алмағайып уақыттарда еліміздің мұсылмандары үшін нақтылыққа, жүйелілікке негізделген жұмыстарды қолға алудың маңызы жоғары. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары көптеген игі шараларды қолға алып келеді. Дін жұмыстарына деген жауапкершілік жүгі де ауырлай түсті десек артық айтқандық емес. Солардың нәтижесінде Діни басқарма тарапынан Жастар ісі бөлімі құрылып, жастарымызбен тікелей жұмыс жасап келеміз», - деді Бас имамы Б.Абдурахманов.

Кездесу соңынде барша жастарға тұғырнама кітабы үлестірілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру