Маңғыстау облыстық орталық мешітіндегі Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Елдар Атибековтің ұйымдастыруыменен "Ел мақтанышы" атты спортшылармен кездесу шарасы өткізілді. Ақтау қалалық "Жас Отан" жастар қанаты ат салысқан жиында өңірдегі танымал спортшылар облыс жастармен кездесті.
Кездесуге Халықаралық санаттағы спорт шебері Абилов Азамат Аманбердіұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері, Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері - Әділбек Ниязымбетов, Каратэден әлем чемпионы, азия чемпионы, Азиядалық ойындардың чемпионы - Халидов Халид, Дзюдодан Азия чемпионы - Сұңғат Жұбатқан, Кикбокстен әлем кубогінің екі дүркін жүлдегері - Айболат Мұратұлы және де Спорт шебері Қазиев Руслан қатысып, өздерінің спорт саласына келудегі мақсаттарын, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде жастарға ақыл кеңестерін айтты.
Жиын соңында спортшыларға Алғыс хат пен қасиетті Құран кітабы берілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2015
3769
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру