Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін саясатындағы журналистердің рөлі

02.11.2015 2961 0 пікір

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде аталмыш тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпаратты-профилактикалық іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасын іске асыру мақсатында өткен іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының өкілі, ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық филиалының өкілі және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Технологияның дамыған заманында теледидар, ғаламтор, баспасөз материалдарының рөлі айрықша. Ал, осының барлығын бұқара халыққа жеткізіп отыратын 4 билік өкілдері – журналисттер. Ата дініміз исламды, ондағы жаңалықтарды, мұсылманша ілім дереккөздерін үнемі халық назарына ұсынатын бұл мамандық иелерінің қандай болуы тиіс? Осындай түйіткілдің түйінін тарқатқан жиында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының Презденті, заң ғылымының магистрі С.Берікқожа модераторлық етті.

Көтеріліп отырған тақырыпта «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша жастар бөлімінің өкілі Е.Аманбаев, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Н.Бақытұлы, «Ақ жол» облыстық газетінің тілшісі, айтыскер ақын Е.Досалы баяндама жасады.

Ой үстіне ой, ұсыныс үстіне ұсыныс айтылған бас қосуда студент жастар көкейіндегі сауалдарына мардымды жауаптар алған-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру