Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада келелі кездесу (ФОТО)

02.11.2015 3374 0 пікір

Астана қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу әлеуметтік жобасының аясында, жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен семинар-тренинг болып өтті. Бұл іс-шарада «Ареал» қоғамдық қорының Президенті Рүстембекова Айман Мейірқызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және Жастар ісі бөлімі бойынша меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, дінтанушы Асылбек Кәрімұлы Избаиров, Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының доценті, дінтанушы Кеңшілік Тышхан көпшілік қауым алдында өздерінің дәрістерін оқыды.

Қонақ ретінде азаматтық институттардың, мемлекеттік қызметкерлер, діни бірлестік, жастар және дін істері бойынша басқармасының қызметкерлері, дін саласы сарапшыларының бірнеше өкілдері келді. Еліміздің әр аймақтарынан келген өкілдер де семинар-тренингке тікелей түрде қатысты. Кездесу барысында сарапшылар өздерінің тақырыпқа байланысты баяндамаларын көрсетуге мүмкіндік алды, іс-шара қорытындысында ашық түрде сұхбат өтті. Сұхбат барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген сұрақтары талқыға салынды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастардың қоғамдық, конфессияаралық, мәдени және кез-келген мәселе мен түсініспеушіліктерді террористік әдістерді қолдану арқылы шешуді болдырмау, терроризмге қарсы сана-сезімді түбегейлі түрде көтеру және де мәдени құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді насихаттау арқылы қоғамдық санаға енетін әдіс-тәсілдерге сенімді тосқауыл қою болып табылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру