Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұғырнаманы жастар қолдайды

02.11.2015 3185 0 пікір

Жалпы, облыс көлемінде 12 жоғары оқу орнымен 45-тен астам орта арнаулы оқу орындары ел жастарына саналы білім беріп келеді.

Осындай іркелі оқу орындары бірі һәм бірегейі ОҚО Шымкент қаласынадағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де және «Мирас» университеттерінде имамдардың І форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты төрт құжатты кеңінен насихаттау мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қалалық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің найб имамдары Қ.Сарыбаев пен Н.Қасымбековтар қатысып, студент жастарға тұғырнаманы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, жастар тарапына қойылған сұрақтары тұщымды жауап беріліп, солның ішінде білім алудың және ата-аны құрметтеу ең асыл міндет екенін атап өтті.

Жалпы, кездесу кезінде белсенді студенттер Діни басқарманың соңғы кездердегі  соны жұмыстарына көңілдері толатындығын жасырмады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру