Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Білімді имам – ел келешегі

30.10.2015 3497 0 пікір

Имам – кемеңгер кеңесші, қиналғанға қамқор, жұртқа жанашыр, үлкенге іні, кішіге аға, шәкіртке ұлағатты ұстаз. Ал, ұлағатты ұстаз болу үшін, ұдайы білім жетілдіріп, шыңдалып тұру қажет.

Осы орайда, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы имамдардың білімін жетілдіруге аса назар аударып келеді.

Кезекті семинар Текелі қаласында өтті. Бұл семинардың басты ерекшелігінің бірі, «Құранға» басты назар аударылды. Онымен қоса имамдық қызметтің жауапты міндет екені турасында да дәрстер өтті.

Семинар соңында тәлім алған имамдарға сертификаттар табысталып, жұмыстарына жеміс тіленді.  

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі,
taglym.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру