Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Өскемен өңірінде

30.10.2015 3195 0 пікір

Халықтың діни сауатын ашу бағытында ҚМДБ-ның атқарып жатқан көркем істерінің бірі - насихат. Әрі оны жүргізе білетін білімі өте жоғары дінтанушы қажет. Бұл бағытта білімдар азаматтар арамызда аз емес. Осы бағытта күні мен түнін, уақыты мен жолын сарп еткен қазақ теологтары еліміздің түкпір түкпірлерінде насихат жүргізуде. Солардың қатарындағы Қабылбек Жұмабеков бүгінгі таңда шығыс өңірінде.

Насихат сапары Өскемен қаласы арнайы түзету мекемесінен басталып, Көкпекті ауданына ұласты. Әуелі аудандық мешіттің қызметімен танысып, аудан орталығында жергілікті тұрғындармен жүздесті. Жиналған халық қарасы молынан болып, дұрыс діни түсінік беру бағытындағы, РАНТ-тың басты мақсаты екендігін айтып өтті. Бұдан соң қазіргі қоғамда етек алған, Исламның атын жамылған, жат діни ағымдар туралы мағыналы уағыз-насихат жүргізілді. Кері ағымдармен күрестің өзектілігіне мән беріп, жамағатқа одан сақтану керектігін ескертті. Исламдағы ең тура жол - ол тек пайғамбарымыздың (с.ғ.с) салған ізімен жүру, мұсылманның қастерлі парызын айрықша атап өтті.

РАНТ мүшесі Тассай ауылында болып, ондағы діни ахуалмен танысып, ауыл халқымен кездесу өткізді.  Халықтың  сұрақтарына жауап беріп, Исламнан салиқалы насихат айтты.

Өскемен қаласындағы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қазанның 28-і күні кешкісін Қ.Жұмабеков облыс орталығының жамағатымен жүздесті. Ол сөз басында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен РАНТ мүшесі ретінде Шығысқа келген сапарының мақсатымен таныстырды. Жамағатқа отансүйгіштік, ел тыныштығы, адамдар арасындағы татулық турасындағы ғибыратты хадистерді баян етті.

Жамағат өздерінің сұрақтарын қойып, ашық әңгімелесті. Көпшілік татымды уағызға риза болды.  

РАНТ мүшесі кеше Өскемен қаласындағы Мединциналық коллежге барып, онда білім алып жатқан студент жастармен кездесу өткізді. Білім, ғылым үйрену туралы Ислам дінінде көрсетілген қағидаларды  баяндады. Ата ана алдындағы міндеттер туралы да ғибыратты насихат айтты. Жастардың өздерін толғандырған сауалдарына жауап берді.  

Өскемен орталық мешітінде болып, жамағатпен кездесіп, шығыс өңірге келген сапарын қорытындылады.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру