Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Төрт құжат – төрттағанымыз!» атты семинар өтті

29.10.2015 3379 0 пікір

Үстіміздегі жылы Астана қаласында өткен имамдардың І форумында қабылданған төрт құжатты кеңінен насихаттау мақсатында қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Төрт құжат – төрт тағанымыз!» атты семинар болып өтті.

Аталмыш семинарға ҚМДБ-ның өкіл имамының орынбасары Бекайдар Әміре, Шымкент қаласының имамы Бақдаулет Абдрахманов және қаладағы 100-ге жуық мешіт имамдары қатысты. Ең алдымен төрт маңызды құжат - тұғырнама кеңінен түсіндірілді.

«Тұғырнаманы тек мешіт имамдары ғана емес, барша жамағатқа, қала тұрғындарына жеткізу жұмыстарын қолға алу қажет» - деді Б.Әміре. 

Сондай-ақ, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру