Алматы қаласында Жетісу аудандық Әл-Мәдина мешітінің бас имамы Бақытжан Жаңбырбайұлының ұйымдастыруымен КазПИ университетінде Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасына қатысты студенттермен кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында жастар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен мұсылман тұғырнамасымен танысты. Тұғырнамада дәстүрлі дініміздің негізгі ұстанымдары, иман негіздері мен сенім (ақида) мәселелері, ислам этикасы, ислам және салт-дәстүр, дін және медицина, отбасы мен білім-ғылым сынды бірнеше жан-жақты тақырыптар қамтылған.
Жетісу ауданы бойынша жастар-ісі комитетінің өкілі және "Али-Мухаммед" мешітінің наиб имамы Қанатәлі Бақытұлы тұғырнаманың мәні мен маңызын және мұсылман баласының іс-әрекеті мен мінез-құлқы туралы сөз қозғап, адамгершілік қадиғаларын барынша негізге ала отырып, өмір кешудің маңызы жайлы насихат айтты.
Кездесу барысында Исламдағы жат ағымдардың зияндылығы жайында бейнеролик көрсетіліп, «Мұсылман тұғырнамасына» қатысты студенттер тарапынан қойылған сұрақтардың жауаптары берілді.
Әл-Мадина мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.10.2015
3657
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру