27-қазан күні Ақтөбе қаласы «Жастық» мейрамханасында «Халал» стандарт бөлімінің куәлігін табыс ету рәсімі болып өтті.
Аталған шараға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің Бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков пен ҚМДБ-ның Халал стандарт бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Жандос Сайланов арнайы қатысып, «Жастық» мейрамханасының басшысына сертификат табыс етті.
«Жастық» - өңірімізде бұндай «халал» сертификатына ие болып отырған жалғыз мейрамхана. Сонымен қатар, аталған халал стандарттау бөлімі облысымызда өз жұмыс жүйесін дамытып, тұрақты іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алып жатқаны белгілі. Алдағы уақыттарда да, осындай адал аспен қаламыздың тұрғындарын қамтамасыз ететін мейрамханалар мен қызмет көрсету орындарының саны көбейетініне сеніміміз мол.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр»
мешітінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.10.2015
3551
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру