Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

29.10.2015 3281 0 пікір

Түркі дүниесінің рухани астанасы - Түркістан қаласында «Алтын күз» қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.

Қайырымдылық шараға Түркістан қалалық әкімдігі, ҚМДБ Зекет қорының ОҚО бойынша өкілдігі және  «Алтын бұла» базар әкімшілігі ұйытқы болды.

Негізгі мақсат асыл дінімізді насихаттай отырып шара барысында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қол ұшын беру болды.

Сондай-ақ, базар сатушылары күнделікті тұтынатын заттары мен азақ-түлік және мектеп оқушыларына арналған қыстық киім-кешектерді 70-80 пайызға дейін төмен бағада сатылымға шығарды.

Шара барысында облыстық Зекет қорының жетекшісі Өркен Сапарқұлов жиналған көпшілікке ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен қолға алынып отырғандығын айтып өтті.

Бұл қайырымдылық жәрмеңкесі жыл соңына дейін барлық аудан, қала деңгейінде ұйымдастырылатын болады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру