Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа оқу жылы басталды (ФОТО)

28.10.2015 3474 0 пікір

Астана қаласының ажарын арттырған «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері тек құлшылық ордасы ғана емес, білім мен ғылымның орталығына ретінде жұмыс істеп келеді. Бұл – еліміздің Бас мешітіне Елбасымыздың өзі жүктеген міндет. Бүгінде сол міндеттің үддесінен үздік көрсеткіштермен көрінген «Әзірет Сұлтан» мешітінде дәріс алатын шәкірттер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Айта кетейік, мешіттегі діни сауат ашу курстары тегін жүргізіледі.

Жыл он екі айға сәйкестендіріліп жасалған жоспар бойынша жаз айында мешіттегі діни сауат ашу курстары өз жұмыстарын аяқтап, күз кезінде жаңа оқу жылы басталады. Ал, мамыр айында біржылдық және екіжылдық оқу курсын аяқтағандарға арнайы «Әзірет Сұлтан» мешітінің сертификаты табысталып отырады.

Арабша хат танып, әрбір әрпі сауапқа тұнған қасиетті Құран Кәрімді тұпнұсқасынан оқуды ниет етіп, «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсына биыл тіркелген ерлер саны 189 болып отыр. Ал, ақжаулықтылардан 142 жан жазылған.

Бұдан бөлек, діни сауат ашу курсының жалғастырушы тобында 103 ер кісі мен 72 әйел шәкірт дәрістерін ары қарай жалғастыратын болады. Бүгінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттердің жалпы саны 508-ді құрап отыр.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру