Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды өңіріне Құран кітап таратылды

27.10.2015 3648 0 пікір

Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қоры 100 000 (жүз мың) дана Құран кітапты Қазақстан мұсылмандарына сыйға тартып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Kazakhstan Qatar» қоғамдық қорының мұрындық болуымен Құран кітап елге жеткізілген болатын.

Қасиетті Құран Кәрім кітабының 2700 данасы Қарағанды облысына да келіп жетті. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа облысқа қарасты барлық қала, аудан, ауыл имамдарын жинап, арнайы табыстады.

Осыған орай, Қарағанды облыстық орталық мешітінде БАҚ өкілдері мен өңір имамдарының қатысуымен конференция өтті. Осы жиында Қарағанды облысына қарасты барлық елді-мекен мешіттеріне қасиетті Құран кітаптары берілді. Мешіт жамағаттары кез-келген мешіт кітапханасынан осы қасиетті Құран кітапты алып оқи алады.

Конференцияға келіп, Құран кітаптың таратылуына куә болған, БАҚ өкілдеріне де қасиетті кітап сыйға тартылды. Өкіл имам өз сөзінде: «Құран – түзу жол нұсқаушы. Құран оқыған адамға әрбір әрпіне сауап жазылады. Бұл қасиетті кітапты қадір тұтып, оны оқыған жан пәле-жала, кесапттар мен жаманшылықтан аулақ жүреді», - деді. 

Қарағанды облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру