Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық қорына Құран Кәрім кітабы берілді

27.10.2015 3296 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша мұсылмандардың діни сауатын арттырып, жан дүниесін байытар дүниелердің ел игілігіне жұмсалуына көп еңбек сіңіріп келеді. Бас мүфтидің тікелей бастамасымен Қазақстанға Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан қасиетті Құран Кәрім кітабы алынған болатын.

Орал облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан Сұлтанов «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық қорының білімді, белсенді мүшелеріне Құран Кәрімді таратты.

Өкіл имам өз сөзінде: «Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған ең ұлы кітап. Құран Кәрім – сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз Иесі Алла Тағаланың сөзі. Алла Тағала Құран нұрымен жүректерді нұрландырып, қайырымды жандардың көп болуын нәсіп етсін!», - деді.

«Жүректен-жүрекке» қайырымдылық қорының төрайымы Әйгерім Ғабитқызы ақтілегін білдіріп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жастарға жасап жатқан игі ісін айтып, имандылық жолдарына сәттілік тіледі.

Нұрлан Қабыкеш,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру