«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері Елордамыздың шеткері аудандарының бірінде тұратын Елеусізова Шолпан апайымыздың амандығын сұрап қайтты. Мүгедек арбасына таңылған жалғыз ұлын жетектеп, тұрмыстың тапшылығын тартумен келе жатқан Шолпан әжейге мешіт қызметкерлері азық-түлік жеткізіп беріп, алғысына бөленді. Бұдан бөлек, «Хикмет» телерадиостудиясында даярланған діни өнімдер (видео және аудио дисктер) мен кітаптар сыйға тартылды.
Күн суытып, күз түскелі күйбең тіршілігі көбейіп кеткен апамызды әлі талай шаруа күтіп тұрғанына куә болдық. Баспана деген аты ғана, әйтпесе тұрып жатқан жерлерін сыз басып, жел уілдеп тұр. Мешіт қызметкерлері қарт әжейге алдағы уақытта тағы да соғатынын, құрылыс жұмыстарына қолғабыс ететіндерін айтып, қуантып қойды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2015
3474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру