Алматы қаласында қазан айының басында «Қарттарым - асыл қазынам» атты қайрымдылық шарасы басталған болатын. Шара аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірі бүгін Жетісу ауданында өткізілді. Ауданның Бас имамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлы бастаған аудан имамдары жиналып, ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналардың басын қосты.
Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет ұйымдастырушыларға өз алғысын айтып, мешіттер тарапынан қарияларға қай кезде болмасын көмек көрсетілетінін айтты.
ҚР Дін істері агенттігі Исламдық діни бірлестіктермен байланыс басқармасының басшысы Балғабек Әбдіқайымұлы да аталмыш шараның куәсі болып, қарияларға өз жылы лебізін білдірді.
Тағдыр тәлкегіне ұшыраған Әубәкір Ибрагимұлына аудан имамдары атынан 50 000 (елу мың) теңге көлеміндегі мүгедектерге арналған арба сыйлыққа берілді. Шараға қатысқандардың баршасына мешіт атынан азық түлік үлестірілді.
Алматы Орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2015
3143
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру