Қазақстанға Бахрейн Әмірлігінен келген қасиетті Құран кітабы Бас мүфти Ержан қажы Малғжыұлының тапсырмасымен еліміздегі барлық облыс мешіттеріне жеткізілді.
Орал облыстық орталық мешітінде бес уақыт намаз оқып, жас ұрпаққа имандылық нұрын көрсетіп жүрген қажыларға, ақсақалдарға, мешіттің жамағаттарына Құран кітабы сыйға берілді.
Ақжайық өңіріне 1600 дана Құран кітабы жіберілген еді. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов мешіт ішіне жиналған қауымға Құран кітабын тарту етіп, екі дүниенің бақытына жетелейтін Алланың сөзі жазылған қасиетті Кітап туралы уағыз айтты. Қажылар дән риза болып, ақ баталарын берді.
Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ БҚО-ның баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2015
3407
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру