Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман әйел сипаты

26.10.2015 3984 0 пікір

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бесік тербетумен әлемді тербетеді», - деген дана халқымыздың сөзіне негізделе, әрі «Ел болам десең бесігіңді түзе», - деген ұстанымымен Талдықорған орталық «Иман» мешітінде әпке-қарындастарымызға арналған арнайы «Мұсылман әйел сипаты қандай болу керек?» атты тренинг түріндегі дәрістер өтуде.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының шақыртуымен келген Алматы қаласы «Орбита» мешітінің ұстазы Айнұр Игілікова жиналған әйел жамағатына жанұяда және қоғамда әйелдің маңызды рөлін түсіндірді.

Дәрісті ұйып тыңдаған әпке-қарындастарымыз асыл дініміздің құндылықтарынан сусындап, көкейіндегі жүрген түрлі сұрақтарына жауап алып, қоғамдағы мұсылман әйелі басына кездесетін түрлі қиындық мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын да үйренді.

Тренинг сұрақ-жауап әрі анкета толтырумен қызықты түрде өтіп, сұрақтарға үздік жауап бергендерге сыйлықтар таратылды.

Әйелдер жамағаты осындай дәрістер жиі әрі тұрақты түрде өткізіліп тұрса деген ниет-тілектерін білдіріп, келген ұстаздарға, айтылған уағыздары мен жүргізілген дәрістеріне дән ризашылықтарын білдірді.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру