Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сертификат табыс етілді

26.10.2015 3571 0 пікір

Үстіміздегі жылдың 19 мен 23 қазан аралығында Атырау облысындағы мешіт қызметкерлері мен имамдары үшін "Діни сенім бостандығы және мемлекеттің зайырлылық қағидаттары" тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылған болатын.

Имамдарымыздың рухани-адамгершілік құндылықтары және дәстүрлі дін туралы кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар бес күнге созылып, оларға сертификаттар табыстау үшін "Жайық-Ақпарат" баспасөз ғимаратында салтанатты түрде ұйымдастырылды.

Қорытынды шараға облыс әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Баязи Әбдешов Мәдешұлы, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласы, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы Мансұров пен Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Керімбекұлы Шохаев қатысты.

Қатысқан қонақтар имамдардың ілімдерінің күн өткен сайын артып келе жатқаны көңіл қуантатынын айтып, әр алған ілімдерінің екі дүниеде де пайдалы болуын тіледі. Шара соңында барлық имамдарға сертификат табыс етті.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру