Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар бөліміне Құран Кәрім сыйға таратылды

26.10.2015 3218 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау» қоры ҚМДБ-мен бірлесе отырып, Қазақстан еліне таратылған 100 000 дана қасиетті Құран Кәрімнің 336 данасы Аягөз жұртшылығына да келіп жетті.

Аягөз ауданының Бас имамы Думан Нәдірұлы мешіт жанынан құрылған жастар бөлімін мешітке жинап, Құран Кәрімнің қасиеті жайында жастарға уағыз-насихат айтты. Жастарға қасиетті Құранды ұсына отырып, жүректердің Құран нұрымен нұрлануын тіледі. Жастар осындай үлкен сыйға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру