Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұғырнама насихатталуда

26.10.2015 3249 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шыққан, Имамдардың І форумында қабылданған 4 құжаттың бірі «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты құжат.

Аталмыш құжаттың маңызы зор. Біздің басты құжатымыз болғандықтан мыңдаған данамен басылып, облыс тұрғындарына таратылып, құжаттың маңыздылығы облыс бойынша кеңінен насихатталуда.

Осы орайда Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Жаңаөзен қаласына арнайы барып, қалалық ардагерлер үйінде ақсақалдармен кездесу өткізді. Өкіл имам ақсақалдарға «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты құжатты таныстырып, оның маңызы мен қажеттілігін кеңінен түсіндірді. Ақсақалдарға тұғырнама мен «Дін мен дәстүр» атты кітапты тарту етті.

Кездесу барысында облысымыздағы жаназа мәселесі төңірегіндегі жайттар да қозғалып, ұсыныстар мен шешу жолдары талқыланды. 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру