Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дәстүрлі ислам еліміздің кепілі мен болашағы

26.10.2015 3054 0 пікір

Бүгінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі бірлесіп біршама жұмыстар атқарып келеді.

Қасиетті жұма күні Алматы Орталық мешітінде «Дәстүрлі ислам еліміздің кепілі мен болашағы» тақырыбы аясында жамағатпен жүздесу болып өтті.

Кездесуге арнайы келген ҚР Дін істері агенттігі Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы Балғабек Әбдіқайымұлы жамағатпен кездесіп, өзекті мәселелерді өз сөзіне арқау етті.

Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет келген қонаққа алғысын айтып, жиын соңында алақан жайып, жамағатпен ел тыныштығы үшін Аллаға дұға жасады.

Алматы Орталық мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру