Қазан айының 20 сы және 22 сі күндері Маңғыстау ауданына қарасты Ақшымырау, Қызан, Түпқараған ауданына қарасты Қызылөзен, Таушық ауылдарында жастармен кездесу ұйымдастырылды. "Ауылым алтын бесігім" деп аталған кездесу облыстық жастар керуенінің жыл сайын өткізетін дәстүрлі шарасы.
Керуен құрамында Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, ҚМДБ ның жастар ісі бөлімінің Маңғыстау облыстық орталық мешітіндегі өкілі Елдар Атибеков және облыстық білім және денсаулық басқармасы тарапынан мамандар болды. Делегаттар Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында мемлекеттік жастар саясатын іс жүзінде жүзеге асыру, ауыл жастарының қоғамдық саяси және әлеуметтік экономикалық белсенділігін арттыру, жастардың діни сауатын дамыту, жастар үшін жұмыс жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бағытында жолға шықты.
Ауыл жастарымен кездескен керуен делегаттары ішінде облыстық мешіттің найб имамы, жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Елдар Атибеков кездесу барысында қазіргі таңдағы діндегі өзекті мәселелер туралы айтып, экстремизм мен терроризмнен төнетін қауіптер жайында әңгімеледі.
Ауыл жастары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, діни сұрақтарға жауап алды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.10.2015
3420
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру