Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Құран кітабы сыйға берілді

23.10.2015 4282 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау қорынан» еліміздің мұсылмандарына 100 мың дана қасиетті Құран кітабы сыйға тартылған болатын.

Осыған орай, Орал қалалық мешітінде медресе ұстаздары мен шәкірттеріне, қала имамдарына, сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірттерге, мешіт жамағаттарына Құранды үлестіру шарасы болып өтті.

Облыс имам Руслан Тыныштықұлы мешітке жиналған ұстаздар мен шәкірттерге, жамағаттарға Құран кітабын тарту етіп, адам баласын қараңғылықтан жарыққа жетелейтін Алланың сөзі жазылған қасиетті кітап туралы уағыз-насихат айтты.

 Шәкірттер дән риза болып, ақ тілектерін білдірді. Игі бастама аудан, ауыл мешіттерінде өз жалғасын таппақ.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру