Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бір сапардағы кездесулер (ФОТО)

23.10.2015 3256 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы және Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Бекжігітов Жанділлә Талдықорған өңірінде арнайы іс-сапармен болып кетті. Сапар барысында аудандар және Талдықорған қаласының имамдарымен кездесіп, діни басқармаға филиал болып тіркелетін мешіттердің құжаттарының рәсімделу мәселелеріне кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш өкілдер мешітті тіркеудегі түрлі қиындықтарды оңтайлы жолмен шешілу мәселелерін айқынды түрде баяндап өтті. 

Сондай-ақ, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы, аудан және қала имамдарына асыл дініміз бен ата-баба жолы салт дәстүрмізге негізделген «Қазақстан мұсылмандары Тұғырнамасын» жер-жерде көпшілікке насихаттау керектігене баса назар аударып, нақты тапсырмалар берді. Сомен қатар, Астанада өткен алғашқы имамдардың форумында қабылданған «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Имамның тұлғалық келбеті» атты еңбектерді де толығымен оқып беріп, әрбір мұсылман мен діни қызметкердің тәуелсіздігіміз бен қоғамның тұрақтылығына аянбай еңбек етуге шақырды.

ҚМДБ өкілдері осы арнайы сапарында Талдықорған қарттары мен зағипты жандарға жайылған дастарқанында да насихаттарын жүргізді. ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, діни басқарма мен мешіттердің барынша жағдайы төмен отбасыларына қол ұшын беріп, көмектесіп тұратындығын айтып өтті.

Жайылған ақ дастарқанда викторина барысында қасиетті дініміз Ислам туралы сұрақтар қойылып, оған жауаптар беріліп, силықтар таратылған соң, қарияларымыз шын ықыласымен ақ баталарын беріп, Алланың үйі мешіттен ізгі ниет әрі көтеріңкі көңілмен тарқасты.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру