Осы тақырыпта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті облыстық деңгейде шара өткізді.
Тасбөгет кентінде орналасқан С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өткізілген шараға аудан, қала, кенттің имамдары отбасыларымен қатысты.
ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен өткізілген қоғамды имандылыққа баулу, имамдардың амал, әдебімен, көркем қарым-қатынас орнату арқылы үлгі болуды мақсат еткен шараны қала тұрғындары тамашалады.
Сонымен қатар шарада «Исламдағы бала тәрбиесі», «Үлгілі имам – діннің келбеті», «Әйел жүрегінің кілті» тақырыптарында баяндамалар жасалып, дәстүрлі өнер – жырдан шашу шашылды.
Аталмыш шара жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандырылды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.10.2015
3582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру