Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қарттар үйінде болды

22.10.2015 3747 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Қарты бар –үй қазына» атты қайырымдылық шаралар ұйымдастыру туралы бастамасымен қолға алынған игі шара ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Қазкенұлы қарттар үйіне барып, ақсақалдар мен апаларға дастархан жайды.

Өмірзақ қажы Қазкенұлы өмірдің әр қилы жағдайлармен осы орталықта тұрып жатқан қариялармен бір дастархан басында отырып, көпті көрген ата-әжелеріміздің әңгімесін тыңдап, тілдесіп қайтты. «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген қазақ халқында қарттарын қазынасына балап қастерлегені белгілі. Алайда бүгінгі таңда «қарттар үйінің» саны көбейіп бара жатқаны көңілді алаңдатады. Әрбір қария біздің атамыз, әрбір шашына ақ түскен қарт ана біздің әжеміз, сондықтан да «үлкенге құрмет» деген қағиданы ұстанған мешіт ұжымы апа-аталарымыздың көңілі бөлініп, қуанып қалсын деген ниетпен «қарттар үйіне» баруды борышына балады. Қуанып қалған қариялар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ақ батасын берді. 

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру