"Атырау" мәдениет үйінде Қазақстан мәдениет және спорт, ҚР сыртқы істер, ҚР білім және ғылым министрліктері және Атырау облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен "Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан кейін 7 мемлекеттен келген барлық қонақтар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты жастар арасында еліміздің зайырлы принциптеріне сай діни этика мен ұлттық діни ұстаным қалыптастыру. Конференция жұмысына Египет Араб Республикасы, Сауд Арабия Корольдігі, Ливия, Сирия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей т.б. елдерден сонымен қатар, ҚР Парламенты Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, "НұрОтан" партиясы өкілдері, Дін істері комитетінің басшылары, ҚМДБ төрағасы, ғалымдар, облыстардағы, Астана, Алматы қалалық Дін істері басқармалары басшылары мен өкілдері, облыстағы діни бірлестіктердің өкілдері мен студенттер қатысты.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.10.2015
3208
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру