Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген құрмет

22.10.2015 3523 0 пікір

ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Хазіреттің «Қарты бар ел, қазыналы ел», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсету жайлы «Дін мен дәстүр» жылы аясында еліміздегі барша мешіт имамдарына тапсырмалар беруіне орай, ел көлеміндегі мешіттерде қарттарға сый құрметтер көрсетілуде.

Осы орайда сәрсенбінің сәтті күні Аягөз қалалық мешітінде жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға Ішкі саясат және жастар бөлімінің қолдауымен ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінің әртістері мен өнер мектебінің өрендері өз өнерлерін көрсетіп, қарттарға ерекше көңіл күй сыйлады. Аудан имамы Думан Нәдірұлы мешітке келген қонақтарға уағыз – насихат айтып, кітапшалар таратып, Құран оқып бата берді. Аягөз қалалық мешітінің мерекелік бас қосуына разы болған қарттар алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру