Қазан айының 21-күні Атырау қаласы, «Атырау» мәдениет үйінде Қазақстан мәдениет және спорт, ҚР сыртқы істер, ҚР білім және ғылым министрліктері және Атырау облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға Египет, Сауд Арабия, Ливан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі белгілі ғалым-ғұламалары шақыртылып, діни эстремизм мен радкализм идеяларына қарсы тұрудың халықаралық тәсілдерін талқылап өзара тәжірибе алмасты.
Конференцияның негізгі бөлімі пленарлық мәжілісте ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Азильханов Марат Алмасұлы, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай Тағанұлы бастаған еліміздің беделді тұлғалары, дін өкілдері мен Ливан Республикасы, Триполи қаласы, Триполи университеті, Шариғат және Ислам ғылымдары факультетінің деканы, доктор, кеңесшісі − Миқати Рафат, Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы Президент жанындағы Дін істері жөніндегі комиссиясы, Талдау бөлімінің меңгерушісі − Исаева Гүлназ Конурбаевна, Ресей мұсылмандары діни басқармасы, Ішкі істер департаментінің басшысы − Ислямов Ренат Хазрет, Қазақстандағы Түркия Республикасы Елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі − Ибрахим Ылмаз, Египет Араб Республикасы, Әл-Азхар университетінің оқытушысы − Хашим Мухаммад Жамалуддин Махмуд Омар, Түркия Республикасы, «Хасеки» Имамдар институтының аға оқытушысы − Юсуф Жігер, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, Фиқһ ғылымдарының докторы, профессор − Басюни Жуда Абдулғани, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы − Нұриддинов Джалалатдин Хуснитдинович секілді шетелдік ғалымдар сөз сөйлеп, баяндамалары арқылы дін атын жамылған лаңкестік ұйымдардың іс әрекетін терістеп, діни сауаттылықты арттыру және Ислам дінінің саф ұғымдарын насихаттаудың озық үлгілерін талқылады.
Жиында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай Тағанұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жолдай келе: «Тарихтың қай бетін парақтасақ та дінсіз қоғамның болмағанын көреміз. Біздің сонау хандық құрған дәуіріміздің өзінде дәстүрлі ислам діні кең қанат жайған елдің ұрпағымыз. Сол кезде араб елінен келген ғалымдардың өзі біздің еліміз туралы үлкен ойларын жазып кеткен. Шынайы рухани құндылықтарды сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған халықтың ғана мәңгілік ел ретінде жарқын болашағы бар», - деп, баяндама жасады.
Негізінен конференцияға мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық үлгісін жетілдіру және сындарды талқылау; еліміздің әлеуметтік, мәдени және рухани бірлігін сақтау, террорлық және радикалдық топтардың ықпалы мен идеяларынан сақтандыру, оларға қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесімен үйлескен отандық тәсілдерін пысықтау және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша жастардың бойында өнегелік және рухани қасиеттерді сіңіру, жастардың арасында еліміздің зайырлы принциптеріне сай діни этика мен ұлттық діни ұстаным қалыптастыру мақсатттары алға қойылды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2015
3727
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру