Дініміздің мәртебесі үшін әрбір мұсылманның жасаған кішкентай да болсын жасаған қайырлы амалы сансыз сауаптарға кенелтуі мүмкін. Мейлі ол қолымен не тілімен және сөзімен болсын.
Қасиетті Құранда: «Үгіт-насихат етіңдер, өйткені ол үгіт-насихаттар мүміндерге пайда береді» (Зәрият, 55) - дегендей, пайдалы насихат мұсылман баласына әсер етпей қоймайтыны сөзсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.с): «Дін - насихат» деп, асыл дініміздің негіздерінің бірі үгіт-уағыз екенін жеткізген. Осы мақсатта, дәстүрлі дінімізді тарату жолында еліміздің барша аймақтарында дініміздің құндылықтарын зерделеп тануға, пайғамбарымыздың сүннетін дәстүрімізбен үндестіре теріс ағымдардың жат әрекеттері кесірінен дәстүрлі дінімізден бет бұрып, аулақ болуға тырысатын қоғам мүшелерінің санасына қасиетті дініміздің қадір-маңызын түсіңдіру үшін білікті ұстаздарымыз бен дін мамандары аянбай еңбек етуде.
Осындай негізгі мақсатты алға тартқан РАНТ тобы Ақтөбе аймағындағы уағыз-насихат жұмыстарын жалғастыруда.
19-қазан күні РАНТ тобының мүшесі Сансызбан Құрбанұлы мен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің найб имамы Серікжан Еншібайұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер қауымына дінімізге жат теріс ағымдардың арбауынан сақ болып, барынша діни ұғымдардың мағынасын жете түсіну туралы әңгімелер қозғалды.
Жиналған жастардың дінге қатысты өзекті сауалдары көп болды. Әсіресе, жоғарғы оқу орындарындағы қыз балаларға орамал тағу мәселесі күрделі жағдай тудыратындығы туралы сұрақтар жолданып, сауал иелері мамандарымыздан нақты жауаптар алды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2015
3505
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру