ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау қорынан» еліміздің мұсылмандарына 100 мың дана қасиетті Құран кітабі сыйға тартылған болатын.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының облыстық «Халифа Алтай» мешіті аймаққа қарасты қала, аудандық мешіттерге осы Құранды үлестіру шарасын өткізді. Шараға жиналған қала және аудандық мешіттерінің имамдарына ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Нұрлан Байжігітұлы бұл игі бастаманың мұсылмандар үшін үлкен қуаныш екенін айта келе, қасиетті кітаптарды аймаққа тең үлестірімін жасады.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2015
3242
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру