Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ жұмысы Жезқазған аймағы бойынша өз жұмысын бастады. Аталған РАНТ мүшелері Жезқазған аймағында 19-22 қазан аралығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады.
Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Жолдас Бердімұратов 19-қазан күні алғашқы уағыз жұмыстарын АК 159/25 жазасын өтеу мекемесінде кездесу өткізіп, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын нақты дәлелдермен насихаттап, қателікке бой алдырып, темір торға таңылған азаматтармен ашық сұхбат жүргізді.
Кейін Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде жиналған жамағатқа «Ауызбіршілік» тақыбырында уағыз-насихат жүргізді. Уағыз барысында мұсылмандардың ауызбіршілігі, бауырмашылдық, ашуланбай кешірімді болу керектігін жеткізді. Әсіресе, дінді насихаттау барысында сабыр мен көркем мінез арқылы жеткізуге шақырды.
Жиналған жамағат арасынан азаматтар өзекті сауалдарын жолдап, дәйекті де нақты жауаптар алды. Аталған РАНТ мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, Жезқазған аймағындағы мекемелер мен мешіт жамағаттарымен жүздесетін болады.
Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2015
3227
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру