Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе жамағатымен жүздесулер

21.10.2015 3085 0 пікір

Қазан айының 17-сі мен 18-і күндері РАНТ тобы Ақтөбе өңіріндегі уағыз-насихат жұмыстарын жалғастырды.

17-қазан күні Кеңес Нокин ауылындағы «К.Нокин атындағы» мешіттің ашылуына қатысып, жиналған көпшілікке Сансызбай Құрбанұлы Алла тағаланың үйі мешіттің қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.Уағыздан кейін жиылған жамағатқа қазақша күрес, гір тасын көтеру, қол күрес сынды ұлттық ойындарымыздан жарыс өтті.

Ашылу салтанатынан соң, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, көпшілікке халықтың бірлік ынтымағын сақтап, елді, отанды сүю турасында мағыналы да ғибратқа толы насихат айтылып дәстүрлі дінімізге үндейтін парақшалар таратылды.

Сондай-ақ, 18-қазан күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде  жамағаттың көкейтесті сұрақтары мен маңызды сауалдарына байланысты түрлі өзекті тақырыптар бойынша уағыз-насихат болып өтті.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы, Заречный шағын ауданы «Сүлеймен ата» мешітінде кездесу өтті. Насихат жұмыстары барысында көпшіліктің дінге деген ықыласының жоғарылығының нәтижесінде пайдалы сұхбат болып, жамағатқа әсерлі уағыз өтті.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру