Маңғыстау облыстық орталық мешітінде бес уақыт намаз оқып, маңдайлары сәждеге тиіп, жас ұрпаққа имандылық үлгісін көрсетіп жүрген ақсақалдарға Құран кітабы сыйға берілді.
Қазақстанға Бахрейн Әмірлігінен келген қасиетті Құран кітабы Бас мүфти Ержан қажы Малғжыұлының тапсырмасымен еліміздегі барлық облыс мешіттеріне жеткізілген болатын.
Маңғыстау облыстық мешітіне 1300 дана Құран кітабы жіберілген еді. Өкіл имам С.Сейтбеков мешіт ішіне жиналған қарияларға Құран кітабын тарту етіп, адам баласын қараңғылықтан жарыққа жетелейтін Алланың сөзі жазылған қасиетті Кітап туралы уағыз айтты. Қариялар шын ризашылықтарын білдіріп, бата берді. Жиын соңында Құран оқылып, ақсақалдар дұға етті.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2015
3163
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру