Республикамызға белгілі дінтанушы Ерсін Әміре осындай тақырыпта "Әт-тақуа" мешітінің жамағатына уағыз айтты. Адам баласының қияметте таразыға тартылатыны ең бірініші істеген амалдары мен жүректеріндегі иманы.
Сондықтан да өзгелерге мейірімді, қайырымды болып, қолымен де, ісімен де жан баласына зиянын тигізбеген мұсылманның ғана иманы кәміл болмақ. Ата-бабаларымыз да кезінде "жаным - арымның садағасы", - деп бәрінен де адамшылдықты жоғары қоя білген. Мұның өзі имандылықтан. Бүгінде намаз оқып, Алланың бес парызын орындап жүрген жастарымызға жұртшылықтың үркей қарайтыны жасырын емес. Алайда, біз бір ғана ақиқатты ұмытпауымыз керек. Иманды жаннан адам баласына да, елге де келер зиянның жоқтығын. Себебі, жүрегінде иманы бар жан айналасына тек қана жақсы көзқараспен қарап, қияметін ойлап, шыбын жанына зиян тигізбеуге барынша тырысады. "Әт-тақуа" мешітінің жамағатымен кездескен теолог Ерсін Әміре де осы тақырып аясында өзінің керемет ой-пікірін айтып, насихат жүргізді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2015
3270
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру