Еліміздің ынтымағы мен тыныштығын сақтау үшін қоғамымыздағы кез-келген дін өкілі бейбітшілік пен жарқын өмірді ту етіп ұстап, татулық тұғырын құлатпауды басты назарға алуы тиіс.
Жерімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстар мекен етіп, өмір сүретіндіктен әр ұлттың өзіндік мәдениеті мен тағылымы, діни сенімі мен дәстүрі бар екенін естен шығармай, құрмет көрсету адами борыш.
Осыған орай, 18-қазан рухани келісім күніне байланысты Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта ағаш отырғызу салтанаты болып өтті.
Аталған шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Әбдірашұлы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков пен Ақтөбе қаласы және «Алматы әулие Николай приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігі басшысы Гузеев Николай қатысты.
Рухани келісім күнінің маңыздылығы жөнінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан: «Қазақ қашан да ынтымақ деген асыл ұғымның байыбына барған текті халық. Рухани тұрғыда келісімді сақтай отырып, еліміздің өркендеуіне үлес қосу ерекше міндет», -деп, атап өтті.
Шараның барысында өңіріміздегі дін өкілдері бірлесе ағаш отырғызып, облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұжымымен аталған православиелік діни бірлестік қызметкерлері көшеттер егіп, дінге деген сыйластық пен құрмет белгісін көрсетті.
Іс-шара соңында, «Нұр-Ғасыр» мешіті ұжымының атынан жиналған қонақтарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынып, тәттілер таратылды.
Сонымен қатар, казақ елінің мерейі өркендеп, ынтымағы жарасқан берекесі тасыған ел болсын деп Қуандық атамыз бата беріп, ізгі ниетін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспөсөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2015
3593
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру